14.04.2025, 18:40

Боксшы Санжар Тәшкенбайдың тұңғышы дүниеге келді (ФОТО)

Фото: TikTok

Есімі Омар.

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың тұңғышы дүниеге келді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты хабарды Ұлттық құраманың жас боксшысы Қайрат Ернұр мәлім етті. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тарады

«Әке болуыңмен, @tashkenbay_sanzhar», – деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Белгілі болғандай спортшының тұңғышы – ұл бала. Есімі Омар. 19 жасында әлем чемпионы атанған Санжар 2023-жылы Аяулым есімде арумен шаңырақ көтерген еді.