$ 516.91  586.33  6.3

Қазақ спортшысы UFC президентінің арнайы шақыруымен АҚШ-қа аттанады

АҚШ еліне виза UFC президенті әрі Power Slap лигасының басшысы Дана Уайттың жеке шақыруының арқасында мүмкін болды.

Фото: Александр Ковпак/OCTAGON
Фото: Александр Ковпак/OCTAGON

Қазақстандық жауынгер, “Панда” лақап атымен танылған спортшы Нұрғиса Үмбетов (3-1), АҚШ визасын ресми түрде алды және жақын арада Лас-Вегасқа аттанады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sportnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ еліне виза UFC президенті әрі Power Slap лигасының басшысы Дана Уайттың жеке шақыруының арқасында мүмкін болды.

Отандасымыз бұған дейін аралас жекпе-жек спортында кездесулер өткізген еді. Нұрғиса Үмбетов енді өз карьерасын Power Slap лигасында жалғастырады. Бұл шапалақтасу бойынша жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан ұйым. Қазақстандық спортшыны Дана Уайттың өзі шақыруы — Үмбетовтің мансабындағы маңызды сәттердің бірі болды. Ол лиганың жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі тізіміне енді.

Сәуір айының соңында Нұрғиса Лас-Вегаста өтетін ашық жаттығуға қатысады. Бұл шара оның АҚШ-тағы дебюті алдындағы маңызды қадам болмақ.

“Халықаралық аренада Қазақстанды таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны бүкіл әлем тамашалап отыр. Өз мүмкіндігімді толық пайдалануға дайынмын”, – деді Үмбетов.

Айта кетейік, Үмбетов кәсіби мансабындағы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген. Бұған дейін ол БАӘ мен Ресейден ұсыныстар алған болатын.​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#виза #спорт #UFC