15.04.2025, 23:30

Бокстан әйелдер құрамасы Бакуде өткен жарыста 9 медаль еншіледі

Фото: ҰОК

Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.

Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны тоғыз медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтын медальді Элина Базарова (54 келіге дейін) мен Виктория Байдукова (57 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Анжа Сәдуақасова (52 келіге дейін) иеленді.

Қола медаль иегерлері: Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Элянур Тұрғанова (50 келіге дейін), Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әзиза Исина (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары).

Тегтер: медаль бокс