Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің өтпелі ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетсек, ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Олар іріктеу кезеңінде алты ойын өткізді. Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.
Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.
Ел құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші орын алған құрамалардың тізімінде үздік сегіздіктің қатарынан табылды. Бұл Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік берді.
Өтпелі матчтардың жеребесі 15 мамыр күні тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталады. Ал өтпелі ойындар биыл 15-24 қыркүйек күндері аралығында өтеді.
2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін 20 қаңтар-7 ақпан аралығында Латвия және Литвада болады.