Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде қазақстандық теннисші ТОП-10-нан шығып, 11-орынға ығысып тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дене дайындығы бойынша бапкер, италиялық Альдо Кьяримен жұмыс істеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы теннисші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасының сторизіне бірлескен жаттығудағы бейнетаспасын жүктеп, «Командаға қош келдің», — деп жазды.
Альдо Кьяри бұдан бұрын атақты сербиялық теннисші Новак Джоковичтің, сондай-ақ әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнердің командасында жұмыс істеген.
Е.Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде өнер көрсетуіне байланысты Штутгарт (Германия) WTA 500 жарысынан шет қалған еді. Сол себепті өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмай, 500 рейтингілік ұпайынан айырылды.
Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде қазақстандық теннисші ТОП-10-нан шығып, 11-орынға ығысып тұр.
Дегенмен Е.Рыбакина 22 сәуір — 3 мамыр аралығында өтетін Мадрид (Испания) WTA 1000 турниріне қатысушылар тізіміне енді. Мұнда ол өткен жылы жартылай финалға дейін жеткен болатын. Сондықтан Мадридте рейтингілік ұпайын жоғалтпау үшін биыл жартылай финалға дейін жетуі керек.