$ 521.9  593.5  6.39

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов елден кетті

Бұл туралы спортшы өз Instagram парақшасында жариялады.

Фото:
Фото:

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына келіп жетті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Бұл туралы спортшы өз Instagram парақшасында жариялады.

«Баршаңызға сәлем! Міне, Нью-Йоркке де жеттік. Енді бірнеше күн бойы бейімделу керек — мүмкін екі-үш күн, бәлкім бір аптадай уақыт алады. Бір-екі күнде жаттығуды бастаймыз», – деді ол жазбасында.

Елеусіновтің бұл сапары жаңа бокстық лигадағы алғашқы жекпе-жекке дайындықпен байланысты болуы ықтимал.

Бұған дейін Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясы промоутерлері құрған жаңа бокстық лигаға қосылғаны хабарланған болатын. Ол осы жоба аясында жаңа келісімшартқа қол қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары