$ 521.9  593.5  6.39

Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Азия чемпионатына қатыса ма

Қазір ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Коллпж: sn.kz
Коллпж: sn.kz

Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 25-28 сәуір күндері Таиланд астанасы Бангкокта өтетін Азия чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жөнінде дзюдодан Қазақстан ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Kazinform.kz-ке айтты.

- Елдос Сметов Олимпиададан кейін жоспарлы қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ол жаттығу жұмыстарына және оқу-жаттығу жиынына әлем чемпионатынан кейін қосылады, - деді ол.

Сондай-ақ Роберт Мшвидобадзе ұлттық құрама тізімінде Әбиба Әбужақынованың неге жоқ екенін түсіндірді.

- Ал Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатына дайындыққа кірісті. Аталған дүбірлі дода биылғы маусымдағы ең маңызды жарыстың бірі ретінде бағаланады. Қазір Қазақстан құрамасының көшбасшыларын қоса алғанда, барлық жетекші спортшы осы турнирге жоспарлы түрде дайындалып жатқанын айта кеткеніміз жөн, - деді ол.

Құрлықтық біріншілікте ел намысын 17 татами шебері қорғайды. Қазір ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары