18.04.2025, 17:00

Сәкен Бибосынов Ресейде өтіп жатқан турнирде Дусматовтан басым түсті

Фото: ҰОК

Жарақатынан айыққаннан кейін халықаралық аренаға қайта оралған Сәкен Бибосынов қарсылас шақ келтірер емес. 

 

Ресейде өтіп жатқан Коротков турнирінде 54 келі жартылай финалында Сәкен өзбек боксшысы Фариезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Фариезбек Дусматов Хасанбой Дусматовтың ағасы. Олар ширек финалда кездесуі керек еді. Бірақ екі дүркін Олимпиада чемпионы турнирден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сәкеннің финалдағы қарсыласы Ресей өкілі Денис Палшин.

Сондай-ақ қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен Римма Волосенко (60 келі) Хабаровсктегі Коротков турнирінің финалына өтті. Бүгін ол өзбекстандық Рашида Тагированы 5:0 есебімен жеңді.

66 келі жартылай финалында қос Қазақстан боксшысы кездесті. Нәтижесінде 4:1 есебімен Ұлдана Таубай жеңіске жетіп, Аружан Жаңабаева қола жүлдегер атанды. Ұлдана ақтық сында Сун Хуангпен (Солтүстік Корея) күш байқасады.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстар 2025 жылғы 15 сәуірде "Платинум Аренада" басталып, 19 сәуірге дейін жалғасады. Турнир Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған. Биыл бұл турнирге Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тунис, Ирак, Тәжікстан, Сенегал, Конго, Куба, КХДР, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь және Грузияны қоса алғанда, 16 елден 150-ден астам спортшы қатысуда.