21.04.2025, 16:40

Боксшы Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан елден кетуге бел буған

Фото: ҚФФ

"Қазір бауырларымыз АҚШ-та жүр, бокс залдарын қарап жатыр".

Ағайынды боксшы Махмұд пен Төрехан Сабырхан жақын арада АҚШ-қа кетіп, сол жақта жаттығуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Бұл туралы олар “Бірінші бол” YouTube арнасына берген сұхбаттарында айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

5 сәуір күні Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде Сабырхандар сәтті дебют жасады. Сол кездесуден кейін олар Америкаға барып дайындық жүргізуді бұрыннан жоспарлағандарын айтты. 

"Біз бұған дейін Америкаға баруымыз керек еді, себебі бізге ол жақта жаттығу өткізуге ұсыныс түсті. Қазір бауырларымыз АҚШ-та жүр, бокс залдарын қарап жатыр. Егер бәрі жақсы болса, жақын арада Төрехан екеуміз Америкаға жол тартамыз", – деді Сабырхановтар.

Айта кетейік, Азияның жастар арасындағы чемпионаттарының тарихындағы ең атақты боксшысы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін 5 сәуір күні өткізді. 18 жастағы қазақстандықтың қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-6, 2 КО) болды. Үшінші раундта Төрехан қарсыласын нокдаунға жіберіп, бір минут қалғанда оны тағы да рингке құлатып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.