25.04.2025, 11:00

«Ғашық болып қалдым»: Сабина Алтынбекова қуанышты жаңалығын айтты

Фото: желіден алынды

Волейболшы наурыз айында ажырасқанын айтқан.

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Бүгін емханада менен: Сабина, көздерің жарқырап тұр! Сен ғашық болып қалған жоқсың ба? деп сұрады. Мен: «Өз өзіме ғашық болып жүрмін», - деп жауап бергенін спортшы Instagram парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған. Наурыз айында спортшы ресми түрде ажырасқанын растады.

Бүгінде Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетеді.