$ 515.03  584.82  6.24

Садриддин Ахмедовтің АҚШ-та өткен жекпе-жегі дисквалификациямен аяқталды

"Жаңа Головкин" аталып кеткен қазақстандық боксшы жекпе-жектің айқын фавориті саналып, рингте сенімді көрінген болатын.

Фото: instagram.com @sadriddin_____soq
Фото: instagram.com @sadriddin_____soq

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 КО) болған сенсациялық тең нәтижеден кейін дисквалификацияланды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, "жаңа Головкин" аталып кеткен қазақстандық боксшы жекпе-жектің айқын фавориті саналып, рингте сенімді көрінген болатын. Алайда төрешілер кездесуді тең есеппен аяқталған деп шешті.

Жекпе-жек нәтижесінде қос спортшы да медициналық көрсеткіштерге байланысты белгілі бір уақытқа дейін жекпе-жек өткізуге тыйым алды.

"Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы Ахмедовты 25 сәуірге дейін дисквалификациялады. Бұл – медициналық сипаттағы тыйым, яғни спортшының қалпына келуі үшін берілген уақыт.

Айта кету керек, оның қарсыласы ұзағырақ мерзімге шеттетілді. Эспадас алты айға – осы жылдың 16 қазанына дейін жарыстардан шеттетілді", – деп жазады Vesti.kz.

Садриддин Ахмедов үшін мексикалықпен болған тең есеп кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіссіз жекпе-жек болды. Оның 15 кездесуінің 13-інде қазақстандық боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары