Құрама саған керек, керісінше емес.
Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев шетелде ойнайтын отандық ойыншыларды қалай тәртіпке шақыратынын баяндап берді. Ол бұл туралы «Sport Pulse» YouTube арнасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Шетелде жүрген құрама ойыншылары ұлттық құраманың алдындағы жауапкершілікті түсінуі керек. Құрама саған керек, керісінше емес. Себебі сен өзіңді құрама сапында керемет көрсетсең, онда мүлде басқа деңгейдегі клубпен келісімшартқа отыруың мүмкін. Біз саған тәуелді емеспіз — сен бізге тәуелдісің. Мұны мен Нұралы Әліпке де, Максим Самородовқа да айттым», — деді бапкер.
Еске салайық, «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Ахмат»шабуылшысы Максим Самородов — Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары.
Ал, Әли Әлиев болса Қазақстан құрамасының тізгінін биыл қаңтар айында ұстады. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына келген.