$ 516.01  582.47  6.26

«Жеңіске аш емес»: сарапшы Шавкат Рахмоновтың неліктен жекпе-жекке шықпайтынын айтты

Ол — өзін қамтамасыз етіп үлгерген жігіт. 

Фото: tymaq.kz
Фото: tymaq.kz

Қазақстандық спорт сарапшысы әрі комментатор Исатай Мәди UFC-де жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көп адам байқамайтын шығар, бірақ қазір Шавкат бұрынғыдай жеңіске аш емес. Ол — өзін қамтамасыз етіп үлгерген жігіт, сондықтан болашақта да жылына бір рет қана жекпе-жек өткізетін болады. Егер оның орнында америкалық немесе бразилиялық спортшы болғанда, қазірдің өзінде-ақ үш-төрт рет жекпе-жекке шығар еді, өйткені олар ММА арқылы күн көреді. Бұл спортта тоқ адам жақсы нәтижеге жете алмайды", — деді Исатай Мәди«Azamat Sport» YouTube-арнасында.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 8 желтоқсанында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC 310 турнирінде өткізді. Бұл айқаста ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары