$ 513.74  569.17  6.33

Зейнолла Ыдырысов гимнастикадан Болгариядағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Зейнолла Ыдырысов 14.233 ұпай жинады. 

Фото: qaz_team_official/instagram
Фото: qaz_team_official/instagram

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан кезекті Challenge Cup турнирінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді.

Зейнолла Ыдырысов 14.233 ұпай жинады. Одан сәл көбірек ұпай алған вьетнамдық Нгок Хуан (14.266 ұпай) чемпион атанды. 

Өзбекстандық Абдулла Азимов қола жүлдеге ілікті.

Бұдан бұрын наурыз айында Түркияның Анталия қаласындағы әлем кубогы кезеңінде Зейнолла Ыдырысов дәл осы жаттығудан екінші орынға ие болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары