19.05.2025, 02:30

«Алдымен біліп алып сөйле»: Шавкат Рахмонов сұрақ қойған жанкүйеріне ұрысып берді (ВИДЕО)

Фото: sports.kz

Кейде осындай орынсыз сұрақтар болады.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жанкүйерлерін әлеуметтік желіде беталды сұрақ қоймауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Махачевпен қашан шығасың депті. Жігіттер, ол басқа салмақта ғой. Алдымен кім қандай салмақта төбелесетінін біліп алып, сосын сұрақ қою керек. Қазір 65 килограмда жүрген жігіттермен шығасың ба деп жатады. Кейде осындай орынсыз сұрақтар болады. Жекпе-жекті көріп жүрген адам кім қандай салмақта шығатынын білу керек. Беталды сұрақ қоя бермей дегенім ғой», - деп ашуланды файтер.

Алайда оқырман бұл сұрақты бекер қоймаған секілді. Осы әңгімеден кейін көп ұзамай ресейлік Ислам Махачев жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық атағын босатып, Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақ дәрежесіне көтерілді. Ол дивизионның қазіргі чемпионы австралиялық Джек Делла Маддаленамен келесі жылы титулға таласады деп жоспарлануда.