$ 510.78  576.06  6.35

Атыраулық хоккей клубының ойыншысы Мәскеуде қаза тапты

Хоккейші 24 жаста болған.

Фото: instagram.com/hcbeibarysatyrau_official
Фото: instagram.com/hcbeibarysatyrau_official

Мәскеуде атыраулық "Бейбарыс" хоккей клубының ойыншысы Олег Гофман қаза тапты, деп жаазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "Бейбарыс" хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. Хоккейші 24 жаста болған. Клуб қайғылы жағдайдың мән-жайын нақтылаған жоқ.

"Олег соңғы екі маусым бойы біздің команданың намысын қорғады. Ол біздің жадымызда әрдайым сенімді қорғаушы және абыройлы азамат ретінде сақталады. Оның туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.

Мәскеудің "Динамо" хоккей клубы да хоккейшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олар Олег Гофманның "Динамо" мектебінің түлегі екенін және ұзақ уақыт бойы клуб жүйесінде ойнағанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары