$ 510.84  579.7  6.39

Қазақстандық 22 жасқа дейінгі 9 боксшы Азия чемпионы атанды

12 салмақта жүлде үлестірілген қыздар сайысында барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты.

Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz

Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық 9 боксшы алтын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Жібек Жарасқызы (81 келі), Әсел Тоқтасын (81 келіден жоғары) чемпиондық тұғырға көтерілді.
Ал Ақбота Болат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі) және Томирис Мырзақұл (52 келі) күміс жүлдегер болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның құрамасы барлық салмақта жеңімпаз атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары