$ 510.19  582.79  6.46

Софья Берульцева өзбек қызын теуіп құлатып, камбэк жасады (ВИДЕО)

Енді ол финалда жапон қызымен күш сынасады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Софья Берульцева жартылай финалда ерекше әдіспен өзбек қызын жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Финал жолдамасын ол өзбекстандық Мохларойым Хакимжоновамен сарапқа салған болатын. Тартысты жекпе-жекте София 7-5 есебімен жеңіліп жатты. Алайда, кездесудің аяқталуына 2 секунд қалғанда қарсыласын кеудеден теуіп құлатып, вазари әдісі үшін 2 ұпай еншіледі. Сөйтіп кездесу 7-7 болып аяқталды. Сапалы ұпай алғандықтан жеңіс Софьяға берілді. 

Отандасымыз жарысты бірден ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде ол қырғыз каратэшісі Бегимай Оразалиеваны тізе бүктірді. Енді финалда Берульцева жапониялық Сугита Сумиремен күш сынасады. 

София Берульцева Азия чемпионатының финалына осымен 5-ші мәрте шығып отыр. Бұған дейінгі 4 финалдың біреуінде ғана жеңіске жетіп чемпион атанған. Сондай-ақ, ол – каратэден Олимпиада медалін алған қазақстандық тұңғыш әйел спортшы. Софья Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары