$ 512.44  593.15  6.52

Сәкен Бибосынов кәсіпқой боксқа шығатынын айтты

Бұл ақпаратты боксшының өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

Фото: qazsporttv.kz
Фото: qazsporttv.kz

Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізетін болды. Ол 20 шілдеде Бішкекте өтетін бокс кешінде бағын сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты боксшының өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

Boxrec.com порталының дерегіне сүйенсек, 2021 жылғы Бибосыновтың қарсыласы – филиппиндік Кристиан Леган (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең нәтиже). Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Айта кетерлігі, бұл бокс кешін Жапонияның танымал Kameda Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. 

Кештің маңызы жағынан екінші кездесуде Өзбекстаннан шыққан екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов өзінің кәсіпқой рингтегі жетінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — филиппиндік Ричард Ласпона (8 кездесуде 8 жеңіс).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары