$ 518.5  601.62  6.61

«Сезгенмін»: Бокстан бас бапкер Өзбекстан боксшыларының Астанадағы жарысқа неліктен қатыспайтынын айтты

Жанкүйерлер боксшылардың деңгейін, кімге жеңіс берілмегенін өз көздерімен көрер еді. 

Фото: rast.kz
Фото: rast.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Өзбекстанның ерлер құрамасы Астанадғы әлем кубогі кезеңіне қатыспайтыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шынымды айтсам, осылай боларын ішім сезген еді. Олардың келуі дұрыс болар еді. Егер Әлем кубогінің екінші кезеңі Өзбекстанда өтсе, біз міндетті түрде баратын едік. Тіпті екі құраманы апаруға рұқсат та алар едік. Жігіттер де «Олардың келмейтіні өкінішті» деп уайымдап жүр. Көрермен мен халықтың алдында айқас ұйымдастырған жақсы болар еді. Сонда кімнің шын, кімнің жалған екені бәріне анық көрінер еді. Жанкүйерлер боксшылардың деңгейін, кімге жеңіс берілмегенін өз көздерімен көрер еді. Егер олар келгенде, жақсы болар еді», - деді Қ. Сәтжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары