$ 518.5  601.62  6.61

Головкинді ұтқан Канело енді Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығады

Мақалада жанкүйерлер Канелоның мықтылығын Дэвид Бенавидеспен айқаста дәлелдегенін көргісі келетіні айтылған.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Boxingnews24.com порталының хабарлауынша, супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Мақалада жанкүйерлер Канелоның мықтылығын Дэвид Бенавидеспен айқаста дәлелдегенін көргісі келетіні айтылған. Алайда ол күрделі қарсыластардан қашып, Хамза Шираз немесе Крис Юбэнк сияқты жеңіл қарсыластарды таңдауы мүмкін деген пікір білдірілген.

«Егер Канело Бенавидеспен жекпе-жекке шығуға батылы жетпесе, онда ол Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі тиіс. Бірақ Альварес бұл ұсынысты қабылдамауы да мүмкін, себебі Жәнібек – қауіпті қарсылас. Ол қарт емес, жас әрі деңгейі жоғары», – деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары