$ 519.64  609.23  6.62

Жалғас Жұмағұлов грузин спортшысын жеңіп, чемпион атанды

Отандасымыз бұған дейін UFC лигасында да төбелескен.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Аралас жекпе-жектен қазақстандық танымал файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында өткен OKTAGON 73 турнирінде грузин спортшысын жеңіп, чемпиондық атақты иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Жалғас грузиннің танымал файтері Бено Адамимен (12-8-2) төбелескен болатын. Кездесу толық бес раунд өтіп, төрешілер шешімімен қазақ жауынгері жеңімпаз деп танылды.

Айта кету керек, Бено Адами қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, кеше чемпиондық титулын қорғауы тиіс болған. Алайда, оның жолын Жалғас Жұмағұлов кесіп, белбеуді өз иелігіне алды.

Отандасымыз бұған дейін UFC лигасында да төбелескен. Элиталық дивизионда 7 жекпе-жек өткізген ол алтауында жеңіліп, жаңа контракт ала алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары