$ 519.29  613.28  6.62

«Күміс жүлдем үшін»: Абиба Әбужақынова тағы да су жаңа көлік сыйға алды

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. 

Фото: Abiba48/instagram
Фото: Abiba48/instagram

Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған дзюдошы Абиба Әбужақынова темір тұлпарлы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде, клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубына ризашылығымды білдіремін», - деп жазды дзюдошы. 

Айта кетейік, 2022 жылы құрылған «Jenys» клубына бүгінде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген бірқатар дзюдошы енген, олардың қатарында Абиба Әбужақынова да бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары