$ 518.37  609.97  6.6

Назым Қызайбай Әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Астанада бокстан Әлем кубогі өтіп жатыр.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Әлем кубогы кезеңінің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) 1/2 финалға шыққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары