02.07.2025, 17:40

Бокстан әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай қарсыласынан басым түсті

Фото: ҚБФ

Осы жеңісінің арқасында Тәшкенбай кем дегенде қола медальды иеленіп отыр.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Турнирді ширек финалдан бастаған отандасымыз жапониялық Шодай Котоға қарсы рингке шықты. Санжар жекпе-жек барысында шеберлігін паш етіп, төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.

Осы жеңісінің арқасында Тәшкенбай кем дегенде қола медальды иеленіп отыр.