Елорда төрінде бокстан әлем кубогі өтіп жатыр.
Отандасымыз Нұрбек Оралбай жартылай финалға жекпе-жексіз шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астанада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде 80 келіде өнер көрсететін үндістандық Лакшия Чахар айқасқа шығудан бас тартуына орай жеңіс қазақстандық боксшының еншісіне жазылды.
Осыған дейін бүгін Қазақстан бокс құрамасының сапынан бүгін шаршы алаңға кімдер шығатынын жазған едік.
Сондай-ақ 90 келі салмақ дәрежесінде атой салған Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.