$ 519.57  612.78  6.61

«Мәні жоқ»: Роналду жол апатынан қаза тапқан командаласының отбасына көңіл айтты

Алғашқылардың бірі болып бұл қайғылы оқиғаға Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду көңіл айтты.

Фото: 101greatgoals.com
Фото: 101greatgoals.com

Португалия футбол қауымдастығы ауыр қайғыға тап болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы «Ливерпуль» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy cайтына сілтеп. 

Алғашқылардың бірі болып бұл қайғылы оқиғаға Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду көңіл айтты. Ол өз сөзінде Жотаның жақындарына қайғыра көңіл айтып, қолдау білдірді:

«Мұның ешқандай мәні жоқ. Жуырда ғана құрамада бірге болдық, жуырда ғана үйлендің. Отбасыңа, жарыңа және балаларыңа қайғырып көңіл айтамын, оларға бүкіл әлемнің күш-қуатын тілеймін. Сен әрдайым олардың жанында боласың деп білемін. Жаның жай тапсын, Диогу және Андре. Біз бәріміз сендерді сағынамыз», – деп жазды Роналду.

Айта кетейік, Жота көлік ішінде өзінің 26 жастағы інісі Андремен бірге болған. Ол да футболшы, Португалияның екінші дивизионындағы «Пенафиел» клубында ойнаған. Көлік жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер екеуінің де көз жұмғанын растады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары