04.07.2025, 13:40

«Түрікше сайрайды екен»: Назым Қызайбай түрік тілінде сөйлеп жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Видеода Назым Қызайбай түрік боксшысының жекпе-жегі кезінде трибунадан тұрып көмек көрсетіп, кеңесін айтып тұрды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбайдың түрікше сөйлеген видеосы желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода Назым Қызайбай түрік боксшысының жекпе-жегі кезінде трибунадан тұрып көмек көрсетіп, кеңесін айтып тұрды.

Ол осы сөздердің бәрін түрік тілінде айтып, қалай соққы жасау керек екенін айтты. 

Желі қолданушылары да бұл видеоға өздерінің жылы пікірлерін жазып, Назым Қызайбайдың түрік тілі деңгейіне жоғары баға берді.