Шешуші кезеңде Назым үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті.
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйелдер арасында 48 келіде қазақстандық Назым Қызайбай топ жарды.
Финалды көруге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Шешуші кезеңде Назым үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті. Сөйтіп Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай -Үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Әлем кубогының финалына 12 қазақстандық спортшы шықты.