Ол бұл туралы жақында берген сұхбатында айтты.
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу туралы нақты шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантқан болатын. Финалда ол жарыс иесі, Франция өкілімен кездесіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
«Бұл – ерекше сәт болды. Залда отырғандардың бәрі франциялық балуанды қолдады. Бірақ мен өзімді тамаша сезіндім. Ондай атмосферада белдесу – мәртебе. Менің жеңілуге хақым жоқ екенін сезіндім», – деді Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ Париждегі шешуші жекпе-жекке Франция президенті Эммануэль Макронның тікелей қатысып, трибунадан тамашалағанын, ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде бақылағандықтан ұтылуға еш хақысы болмағанын айтты.
Олимпиададан кейін біраз үзіліс алған спортшы енді толық дайын екенін жеткізді.
«Олимпиададан кейін аздап тынығып алдым. Енді келесі Олимпиадаға қатысу туралы шешімді қабылдадым», – деді Елдос Сметов.