08.07.2025, 21:30

Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК

Екінші орынды өзбекстандық Бекзод Гофиржонов алды - 341 (151+190) келі. 

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынды өзбекстандық Бекзод Гофиржонов алды - 341 (151+190) келі. Ал үндістандық Сайраж Пардеши үздік үштіктен көрінді - 338 (152+186) келі.