$ 518.97  607.3  6.64

Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Ол белгісіз себеппен жекпе-жекке шығудан бас тартты. 

Фото: ufc.com
Фото: ufc.com

Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала жоспар бойынша, Асу Алмабаев Абу-Дабиде өзбекстандық Рамазан Теміровпен күш сынасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы белгісіз себеппен жекпе-жекке шығудан бас тартты. 

Енді отандасымыз 26 шілдеде аталған турнирде Перу елінің өкілі Хосе Очоамен (7-1, UFC бойынша 1-1) кім мықтыны анықтайды. 

Асу 1994 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары