15.07.2025, 11:00

«Мен қазір көтеріліп кеткенмін…»: Қазақ боксшысы «Канелоның» жеке ұшағымен ұшты

Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет танымал мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареспен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада қазақстандық спортшы мен Альварестің жеке ұшаққа бара жатқанын көруге болады. Ұшақ мексикалық боксшыға тиесілі. Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

«Мен қазір көтеріліп кеткенмін…» - деп әзілдеп жазба қалдырды Бек Нұрмағанбет.

Mundodeportivo басылымының мәліметінше, видеодағы Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшақтың иесі - «Канело». Аталған әуе кемесінің нарықтағы бағасы - шамамен 18,4 миллион доллар.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі уақытта «Канелоның» залында жаттығады әрі мексикалықтың спарринг-серіктесі. Қазақ боксшысының даярлығы мексикалық супержұлдыздың жеке бапкерінің қадағалауында.