$ 541.93  636.71  6.83

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті

Елеусінов филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) жұдырықтасты.

Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar
Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елеусінов филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда ол толығымен өтпеді: қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Джеймс Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары