$ 540.78  618.65  6.71

«Мен әлсіздерді ұрмаймын, ренжітпеймін»: Қуат Хамитов Асхат Тағыберген жайлы айтты

Ол алдымен «Базар жоқ» деп жазды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» кездескен. Осы матчтан кейін «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген «Ақтөбе» жанкүйерлерінің қысымына шыдамай эмоция білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ашуға бой алдырған аяқдоп шебері жанкүйерді «Бірге-бір келші, келе алмайсың ғой» деді. Осы сәттің видеосы желіде тарап, оқырман арасында қызу талқыға түсті. Бұл видеоның астына пікір жазғандар арасында аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бар.

Ол алдымен «Базар жоқ» деп жазды. Сосын желі қолданушылары Қуатқа Асхатпен жекпе-жекке шықса, шамасы жетпейтінін айтқан.

«Мен әлсіздерді ұрмаймын, ренжітпеймін», - деді аралас жекпе-жек шебері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары