22.07.2025, 19:00

Бибісара Асаубаева ресми түрде гроссмейстер атағын алды

Фото: ZTB News

Бұған дейін дәл осы атақты Жансая Әбдумәлік алған болатын.

Батумиде Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы жиында 21 жастағы қазақстандық Бибісара Асаубаеваға ресми түрде гроссмейстер атағы табысталды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – бұл мәртебелі атақты алған еліміздің екінші шахматшысы және әлем тарихындағы 43-ші шахматшы әйел.

Бұған дейін дәл осы атақты Жансая Әбдумәлік алған болатын.