Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қазақстандық теннисші, әлемнің 269-ракеткасы Зарина Дияс Фигейра-да-Фош (Португалия) ITF W100 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
З.Дияс бастапқы кездесуін WTA рейтингісінде 694-орында тұрған латвиялық Диана Марцинкевичпен өткізді.
Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Бәсеке небәрі 44 минутқа созылып, Заринаның айқын басымдылығымен аяқталды.
Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 228-ракеткасы, франциялық Тесса Адрианяфитримомен таласады.
Аталмыш жарыс 27 шілдеде мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.