$ 541.45  631.17  6.78

«Тағы қайталағым келеді»: Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын айтты

Арман жолында көп нәрседен бас тартуға, көп тәуекелге баруға тура келді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Елдос Сметов Париждегі алтын жеңісіне бір жыл толуына орай әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сметов Олимпиада алтынына дейінгі жолдың ауырлығын еске алып, бұл жетістіктің өміріндегі ең биік белес екенін айтты:

«Бүгін – мен үшін ерекше күн. Дәл осы күні, бір жыл бұрын арманым орындалып, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиада – үшеуі де мен үшін қымбат. Бірақ Париждегі алтын – менің ең үлкен жеңісім. Ол – төгілген тердің, жеңілген сәттер мен қайтпаған рухтың жемісі. Бұл жолда көп нәрседен бас тарттым, көп тәуекелге бардым. Әр спортшы осындай бақытты сәтті бастан өткерсе деймін», – деп жазды Сметов.


Жеңістен кейін Сметов өміріне жаңа көзқараспен қарап, отбасы мен жақындарына көбірек көңіл бөлуге тырысып жүргенін айтты. Алайда бұл спорттан кету емес. Қайта, оның алдында жаңа биік тұр — Лос-Анджелестегі Олимпиада.

«Париждегі алтыннан кейін өмірімде жаңа кезең басталды. Енді уақытымды өзіме және отбасыммен өткізуге тырысамын. Бірақ спортты доғару ойымда жоқ. Лос-Анджелесте 2028 жылы бұл жеңісті қайталағым келеді», – деді ол.

Еске салсақ, 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жарыс қожайыны Лука Мхеидзені жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Осылайша, ол Олимпиададағы медаль жиынтығын толық жинаған санаулы дзюдошылардың қатарына енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары