Кәсіпқой мансабында ол 33 жеңіске жетіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған.
Аргентинада бокстан төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Алехандра Оливерас 47 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Аргентиналық БАҚ-тың хабарлауынша, спортшы 28 шілде, дүйсенбі күні қайтыс болған. Бірнеше апта бұрын оны ишемиялық инсульт диагнозымен Санта-Фе қаласындағы ауруханаға жатқызған.
Алехандра Оливерас екі мәрте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) чемпиондық белдігін иеленсе, бір реттен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мен Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық титулын жеңіп алған.
Кәсіпқой мансабында ол 33 жеңіске жетіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған. Үш рет жеңіліп, бір жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған.