$ 543.24  619.89  6.78

Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

Бапкерлер оның болашағынан зор үміт күтеді.

Фото: UWW
Фото: UWW

Грек-рим күресінен Афинада өткен әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі санатта Жаңажол Қуанышбек финалда қырғыз балуаны Нұркерім Құмарбековті 8:7 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленген еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жас чемпионға Ақтөбе облысындағы ел ағалары атынан бір үйір жылқы тарту етілді. 

Қуанышбек қазіргі таңда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы олимпиадалық дайындық орталығында жаттығады. Бапкерлер оның болашағынан зор үміт күтеді.

Бұған дейін Жаңажол Азия чемпионатында да топ жарып, ел намысын лайықты қорғаған болатын.

Айта кетейік, Афинада өткен байрақты додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары