$ 539.49  627.7  6.75

Азия чемпионаты: қазақтың жас боксшысы өзбек жігітін ұтып, жеңісті бастады

Бұл Бангкоктағы Азия чемпионаты — World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы алғашқы құрлықтық дода.

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Бангкоктағы World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгілер арасында алғашқы финалист анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

60 келідегі Әділет Төртубек жартылай финалда өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен кездесті, деп жазады 1bol.kz. 

Үш раундқа созылған тартысты айқаста төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Төртүбекке берді. Осылайша қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін финалда бақ сынайды, ал қарсыласы Махмуджонов қола медальмен шектелді.

Бұл Бангкоктағы Азия чемпионаты — World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы алғашқы құрлықтық дода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары