Жансаяның жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесін басқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев.
Халықаралық гроссмейстер, шахматтан Қазақстан чемпионы, танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, әсерлі жазба жариялады.
«Сен менің жүрегімнің астында тыныстап жатқан шағыңда-ақ өзіңді әлі көрмесем де, жақсы көріп үлгеріп едім», – деп жазды Жансая.
Жансаяның жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесін басқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев. Жас отбасы алғаш рет ата-ана атанды. Олар 2023 жылы шаңырақ көтерген еді.