$ 542.66  631.98  6.77

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында екінші алтынын алды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы жарыстың соңғы күнінде екінші алтын жүлдені жеңіп алды. 

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Расул Асанханов Азия чемпионатының финалында жеңіске жетіп, ерлер жасөспірімдер құрамасына жалғыз алтын медаль сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таиланд астанасы Бангкокта жаңа халықаралық федерация – World Boxing ұйымдастырған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың соңғы күнінде екінші алтын жүлдені жеңіп алды. 

Бұл жетістікке 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Расул Асанханов қол жеткізді. Финалда ол үндістандық Хемант Сангванмен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бұл медаль – 19 жасқа дейінгі ерлерден құралған Қазақстан жасөспірімдер командасының жалғыз алтыны болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары