11.08.2025, 17:00

Бокстан Азия чемпионаты: Еліміз екінші орынмен жарысты аяқтады

Фото: ҚБФ

Қыздар мен ұлдар жалпы саны 9 медаль жеңіп алды.

Бангкокта (Таиланд) өткен World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz мәліметінше, қыздар мен ұлдар жалпы саны 9 медаль жеңіп алды. Оның ішінде бесеуі алтын. Екеуі қыздарға тиесілі болса, үшеуі жігіттерге бұйырды. 

Алтын медаль иегерлері

Ерлер құрамасы:

Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) Санжарәлі Бегалиев (80 кг) Темірлан Мұқатаев (90 кг)

Әйелдер құрамасы:

Гүлназ Бөрібаева (48 кг) Бақыт Сейдіш (70 кг)

Күміс медаль иегерлері

Ерлер құрамасы:

Илья Калинин (65 кг) Нұрбек Мұрсал (70 кг)

Әйелдер құрамасы:

Шұғыла Нәлібай (75 кг) Әсел Тоқтасын (80+ кг)

Азия чемпионаты (U22) бойынша толық медаль кестесі төмендегідей:

Өзбекстан – 8-6-4 Қазақстан – 5-4-0 Қытай – 3-0-3 Үндістан – 1-4-8 Тайланд – 1-1-1 Жапония – 1-0-1 Вьетнам – 0-1-3 Моңғолия – 0-1-3 Қытай Тайбэйі – 0-1-2 Иран – 0-1-0 Оңтүстік Корея – 0-0-6 Филиппин – 0-0-2 Бутан – 0-0-1 Гонконг – 0-0-1 Непал – 0-0-1 Малайзия – 0-0-1.
Тегтер: медаль бокс