$ 540.87  632.01  6.76

Сенсация: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Жартылай финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АҚШ-та өтіп жатқан Masters сериясындағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакина белорус теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен ұтып, сенсация жасады. Бұл кездесуде Соболенко фаворит саналғанымен, Рыбакина сенімді өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы7

Осы жеңістен кейін қос теннисші арасындағы жеке кездесулердегі есеп Соболенконың пайдасына 7:5 болды. Жартылай финалға шығу арқылы Рыбакина 206 мың доллар жүлде мен 390 рейтингілік ұпайға ие болды.

Турнир барысында ол мексикалық Рената Сарасуаны (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенсті (22-орын) және америкалық Мэдисон Кизді (6-орын) ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Матч сенбі күні өтеді.

Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жалпы жүлде қоры – 5 152 599 доллар. Жеңімпазға 752 275 доллар және 1000 рейтингілік ұпай бұйырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары