20.08.2025, 22:40

Әліби Ыдырыс UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды

Фото: Ed Mulholland/Zuffa LLC

Әліби Ыдырыспен келісімшарттың расталғанын оның бапкері Айбек Шокпутов хабарлады.

Қазақстандық ММА жауынгері Алиби Идрис UFC ұйымымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Ол алдағы төрт жекпе-жекте әлемнің жетекші промоушенінің октагонында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 тамыз күні өткен UFC 319 турнирінде Алиби америкалық Джозеф Моралеске The Ultimate Fighter шоуының финалында мерзімінен бұрын жеңілген еді. Бұл кездесуде UFC-дің эксклюзивті келісімшарты сарапқа салынған болатын.

Жеңіліске қарамастан, UFC президенті қазақстандық спортшының әлеуетін жоғары бағалап, оған тағы бір мүмкіндік беруді ұйғарды.

Әліби Ыдырыспен келісімшарттың расталғанын оның бапкері Айбек Шокпутов хабарлады.