Қарымта матч 26-тамызда Алматыдағы Орталық стадионда болады.
"Қайрат" ФК шабуылшысы, қазақ футболының жарық жұлдызы Дастан Сәтпаев алдағы ойынға қатысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді.
"Дастан Сәтпаев Глазго төріндегі «Селтик»-«Қайрат» матчында сары қағаз алды. Яғни, осы еуромаусымдағы ескертулерінің саны үшеуге жетіп, алдағы ойынға шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал, келесі кездесу 26-шы тамызда Алматыдағы Орталық стадионда болады. Өкінішті…", - деп жазды ол.
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Селтик" клубымен тең тарқасқан еді.