Қазақстандық UFC шебері Шавкат Рахмонов америкалық ММА-промоушнның салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингінің үздік 15 спортшысы қатарына енді.
Жуырда өткен титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаев оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессимен кездесіп, жеңіске жеткеннен кейін UFC P4P рейтингіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Чимаев бірден он сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Бұрын 15-орында тұрған бразилиялық Чарльз Оливейра үздіктер қатарынан шығып қалды, ал оның орнын жартылай орта салмақта әлі жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы басты.
P4P рейтингінің көшін жеңіл салмақтағы чемпион, Илия Топурия бастап тұр. Ол бұған дейін UFC чемпиондық белбеуін дәл осы Оливейрадан тартып алған еді.
Шавкат Рахмонов өзінің соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстаннан шыққан ешбір спортшы UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің үздік 15 спортшысы қатарына енбеген.