Ол дұғада айтқан тілектерінің көбісі уақыт өте келе орындалғанын жеткізді.
Алматының «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өмірінде дұғаның маңызды орын алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз күніне бес уақыт намаз оқимыз. Бұл ең алдымен рухани тұрғыдан маған көмектеседі. Мен мұның бәрі Алладан екенін түсінемін және Оның жәрдемін сеземін», – деді ол Нобель Арустамянға берген сұхбатында.
Сәтпаевтың айтуынша, рухани тәжірибе оған тек ішкі дүниесінде ғана емес, кәсіби саласында да қолдау көрсетеді. Ол дұғада айтқан тілектерінің көбісі уақыт өте келе орындалғанын жеткізді.
«Мысалы, мені еуропалық клубтардың біреуі байқаса екен деп дұға еттім. Бұл арманым орындалды», – деп бөлісті Дастан.
Ол үшін иман – күш пен сенімділіктің қайнар көзіне айналған. Футболшының айтуынша, дұға адамның өз еңбегімен ұштасқанда ғана нәтиже береді.