23.08.2025, 00:30

Алты жылдық үзілістен кейін: Сабина Алтынбекова енді «Астана» құрамында ойнайды

Фото: Instagram.com / altynbekova_20

"Алты жыл бойы елімізде ойнамауымның өзіндік себептері болды, түсінбеушіліктер де кездесті".

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Астана» клубына қосылып, Қазақстан кубогына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол YouTube-тағы «Dinara Satzhan» арнасына берген сұхбатында айтты.

«Иә, бұл шынында да ұзақ үзіліс болды. “Астана” командасы үшін Қазақстан кубогында ойнайтыныма өте қуаныштымын. Алты жыл бойы елімізде ойнамауымның өзіндік себептері болды, түсінбеушіліктер де кездесті. Оның үстіне тұрмысқа шығып, ана атандым. Сол себепті үзіліс осылай созылды», – деді спортшы.

Еске сала кетсек, Сабина Алтынбекова былтыр қазан айында Индонезияның «Йога Фэлконс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.